Русский Сайттың толық нұсқасы

"Құны – 2 миллион теңге": Жұлдыз Өмірғали той көйлегі мен неке жүзігінің бағасын жариялады

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2024
  • 99

Танымал әнші Жұлдыз Өмірғали той көйлегіне қанша қаражат кеткенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі тоғыз жылдан кейін ақ көйлек киіп, қалыңдық атанды. Атаулы күнде киген образын Revue News бағдарламасына айтып берді.

“Тойға екі көйлек дайындадым. Менің идеямды қолдаған Аруназ сән үйінің қыздарына алғыс білдіремін. Назым Карпыкова ойымдағы екі көйлекті тігіп берді. Көйлектің жиегіне Айқынның әндерінің сөздерін жаздым. Екеуінің де бағасы арзан емес. 2 миллион теңгеден асады. Неке жүзігін де арнайы гауһар тастарымен таңдадым. 9 жыл бүрын неке жүзігін де тақтым. Қасына бүгінгі тойда тағылған жүзікті де тағып алдым. Оның бағасы – 600 мың теңге”, – деді Жұлдыз Өмірғали.

Сондай-ақ әнші Айқын Төлепберген де тойдағы образының құпиясын ашты.

“Менің киімдерімді дизайнер Аида Кауменова дайындады. Өзіме өте қатты ұнады. Көп күйеужігіт кие бермейтін басқаша образ болды. Қызыл түсті де дизайнердің өзі ұсынды. Жұлдызға берген уәдемді орындадым. Бірінші отбасымды тастамаймын. Үлкен ұлым қасымда отырады. Той қонағы – Алексей Чумаков. Жұлдызға арнап екеуміз ән айтамыз”, – деді Айқын.

Еске салайық, Айқын Төлепбергеннің ата-анасы Жұлдызбен қосылуына қарсы болғанын жасырмаған еді.