Русский Сайттың толық нұсқасы

Геологиялық ақпаратты сақтау және есепке алу құзыретін Ұлттық операторға беру қаншалықты дұрыс?

Бүгін Мәжілістің комитет отырысында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» заң жобасы қаралды. Құжатта геологиялық ақпаратты сақтау және есепке алу құзыретін Ұлттық операторға беру мәселесі қаралған. Дегенмен бұған депутат Еділ Жаңбыршин алаңдаушылық білдірді. Себебі қаралып отырған заң нормасы геологиялық қызметті жекешелендіріп жіберуі мүмкін дейді. 

ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Осы түзетулерді қабылдау ұлттық қауіпсіздіктің шайқалуына әсер етпей ма? Геологиялық ақпаратты бақылауды кім жүзеге асырады? Біз ұмытпауымыз керек. Конституцияның 6 бабында бүкіл байлық енді халықтікі, жекеменшікті емес. Оны мемлекет басқару керек.