Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы балабақшалар биометрия арқылы жұмыс істейді. Мұндағы 36 жекеменшік және 4 мемлекеттік балабақшада 2312 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында QR немесе FaceID орнату балалардың барлығын қадағалауға көмектеседі. Сондай-ақ балабақшадағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазір жаңа технология мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын жүйелі түрде жүргізуде. Балабақша қызметкерлері мен ата-аналар да жаңа платформаның пайдасы бар екеніне сенімді.
МАХАББАТ АЙСАРОВА, "Т. ТАМЕРЛАН" БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Тәрбиешіге де қолайлы. Сүзгі жұмысын атқарып жатқан кезінде баланы белгілеп алады. Біздің ауылдың ата-аналары QR-ға қарсы емес. Енді кәсіпкерлерге де бұл бағдарламаның жақсы жері біздің жұмысымыздың сапалы қаржыландыруда және әділ болады деп қабылдадық.
ЕРНАТ ТЕМІРХАНҰЛЫ, АТА-АНА:
Тың бастама. Осы Алматы облысының әкімдігі жаңадан QR код енгізіп жатыр екен. Өте керемет. Балаларымыздың қауіпсіздігіне, келді, кетті. Кім бар, кім жоқ? Бәрін осы QR код арқылы білуге болады. Бәріміз ата-ана ретінде бәріміз қолдаймыз.