Русский Сайттың толық нұсқасы

Елена Рыбакина Қазақстанның атынан тағы бір маңызды турнирге қатыспайтын болды

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2024
  • 101

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ұлттық команда үшін маңызды саналатын тағы бір турнирге қатыспайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея теннисшілері «Билли Джин Кинг» кубогының плей-офф матчтық кездесуінде бақ сынайды. Кубоктың ресми сайты екі ел құрамаларының өтінімдерін жариялаған. Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасынан Елена Рыбакина көрінбейді, бірақ командаға Зарина Дияс оралған, деп жазды sportarena.kz.

Қазақстан құрамасы матчқа Юлия Путинцева (әлемнің 29-шы ракеткасы), Жібек Құламбаева (311), Зарина Дияс (379), Анна Данилинамен (жұптық сында әлемнің 23-ші ракеткасы) шығады.

Ал Оңтүстік Кореяның құрамына Да Ён Бак (324), Со Хён Пак (374), Ку Ён Ву (437), Да Бин Ким (980) кірген.

Ойындар Астанада 16-17 қараша күндері өтеді.