Қазақстан
биыл Қашағаннан 180 миллион доллар пайда көреді. Бұл туралы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының
вице-президенті Дәурен Қарабаев мәлімдеді. Кен орнында тәулігіне 180 мың баррель
мұнай өндіріледі. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 370 мың баррельге көтеру
жоспарланған. Нәтижесінде ел қазынасына ауқымды кіріс кіргізу көзделіп отыр.
Дәурен
Қарабаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ вице-президенті:
Алдын
ала бағамдауымыз бойынша «Самұрық-Қазына» мен «Қазмұнайгаз» бірлесе отырып биыл
180 миллион доллар таза пайда көруі тиіс. Яғни бұған дейін шыққан шығын көлемі
толықтай өзін жауып, өндірісті одан әрі дамытуға мүмкіндік ашып отыр.