Русский Сайттың толық нұсқасы

Шекарадан жанармайды заңсыз тасымалдамақ болғандар ұсталды

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2024
  • 304

Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті Мемлекеттік шекарада жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 159 фактісінің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҰҚК хабарлауынша, мұнай өнімдері қосымша орнатылған жанармай цистерналарын, қайта жабдықталған газ баллондарын және әртүрлі шаруашылық ыдыстарын пайдалана отырып, автокөлікпен тасымалданған.

Жыл басынан бері осы учаскеде ЖЖМ-ды тасымалдаудың 1 205 жағдайының алды алынды.

Аталған фактілер бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін құзыретті органдарға берілді.