Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейдің Қазақстан көкөністерін кіргізуге тыйым салғаны рас па?

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2024
  • 313

Ресей Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін кіргізуге тыйым салды ма? Бұл сұраққа үкімет баспасөзінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұндай жағдай болған жоқ. Олармен жұмыс істеп жатырмыз. Карантин объектілері анықталған. Он шақты компанияда сіз айтқандай жағдай болды. Өткенде Серік Мақашұлы (еск - Премьер-министрдің орынбасары) кездесу өткізді. Осыдан кейін вице-премьердің тапсырмасы бойынша мен Ресейдің ауыл шаруашылығы министрі Николай Патрушевпен сөйлестім. Қазір олар мәселені қарастырып жатыр. Бүгін кешке онымен қайта сөйлесіп, жауабын аламын. Жақын күнде мәселе шешіледі, - деді Айдарбек Сапаров.