Облыс
әкімдерінің орынбасарлары инвесторлармен жұмыс істеуге қабілетсіз. "Kazakh
invest" ұлттық компаниясының тұсау кесерінде Үкімет басшысы Бақытжан
Сағынтаев осылай деді. Инвестор тартуға жауапты шенеуніктер арнайы
әңгімелесуден өткен. Сонда байқалғаны, қарым-қабілетін былай қойғанда, олардың
көбі ағылшын тіліне шорқақ көрінеді.
Бақытжан
Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрі, "Kazakh invest" ҰК" АҚ
директорлар кеңесінің төрағасы:
Біз
байқағандай, олардың біразы бұл бағытта жұмыс істеуге дайын емес. Тілді дұрыс
білмеуден бастап, мойындарына өңірдегі басқа сұрақтар да жүктелген.
Бүгін ұлттық компания дипломаттарға таныстырылды.
Директорлар кеңесінің төрағасы - Үкімет басшысының өзі. Компания келесі аптада
Германия, Франция, Канада, Индия, Қытай мен Ұлыбританияда кеңсесін ашуды
жоспарлаған. Мақсат - шет ел инвесторларын отандық кәсіпкерлермен табыстыру.
Кедергілерді жою үшін, бір терезе тәртібіне көшеді. "Фоллоу-ап"
ақпаратық-бақылау жүйесі арқылы, инвестор интернетте өз жұмысын бастан аяқ
бақылай алады.
Альпаслан
Коркмаз, "Kazakh invest" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз
мүшесі:
Бірінші
кезекте инвестор бюрократияға тап болады. Мұны доғару керек.
"Казахинвест" бір терезе арқылы жұмыс істейді. Қазақстанның аумағы
өте үлкен. Облыстар көп, әрбірінің өз салалық бағыты бар. Инвесторға тұтас елді емес, әр бөлігін таныстыру керек. Әлемде Қазақстанды танымайтын, білмейтін
елдер бар, осы проблеманы да шешу керек.