Германияда маймыл шешегінің жаңа вариантын жұқтыру фактісі алғаш рет тіркелді, деп хабарлайды Қазақстан телеарнасы.
Мұны Роберт Кох атындағы қоғамдық денсаулық институты хабарлап отыр. Дегенмен, осы мекеме таратқан өзге бір мәліметке қарағанда, бұл аурудың Германияда кең тарау мүмкіндігі төмен.
Маймыл шешегі биыл Конго Демократиялық Республикасында өршіп, Африканың өзге елдерінде мыңдаған адамнан және Швецияда анықталды. Осыған байланысты, тамыз айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялағаны белгілі.