Русский Сайттың толық нұсқасы

Қар жауып, көктайғақ болады

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2024
  • 444

"Қазгидромет" РМК 24-26 қазанға ауа райы боламын жариялады, деп хабарлайды Astana TV.

Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, 24 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары күтілуде. Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.