Русский Сайттың толық нұсқасы

"Өлтіріп, өзенге лақтырып кеткен": Атырауда 5 күн бұрын жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2024
  • 224

Атырауда бес күн бұрын жоғалып кеткен 23 жастағы қыздың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қыз 18 қазан күні сағат 22:00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған. Кейін анасы полицияға қызының жоғалып кеткені жөнінде хабарлаған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бойжеткенді танысы өлтіріп, серіктесімен бірге қыздың мәйітін өзенге лақтырып кеткен.

Полиция қызметкерлері кісі өлтіру фактісін растап, екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Ұрлау" және "кісі өлтіру" баптары бойынша қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу басталды. 24 және 25 жастағы екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген облысытық ПД мәліметінде.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбады.