Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда тұрғын үйлер мен жатақханалардың балкондарына көк туымыз ілінді

Павлодарда тұрғын үйлер мен жатақханалардың балкондарына көк туымыз ілінді. Мақсат- жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеп, елін, жерін сүюге баулу. Осы арқылы мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету -акциясының негізгі мақсаты. Шараға «AMANAT» партиясы облыстық филилының «Жастар рухы» жастар қанаты мұрындық болды. Бұл шара осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. 

АЙНҰР МҰХАМЕДИЯРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
"Жастар рухының" бастаған челленджін "Менің елім - менің туым"акциясын қолдау үшін келіп отырмыз. Өткен аптадан бастап бұл акциямыз бастау алған еді. оны біздің еліміздің атақты жастары, ел тұлғалары қолдап жатыр. өздерінің үйлеріне жанағы үлкен қабырғаларға іліп, сол туға деген құрметін көрсетіп жатыр.
АЛМАС КАЛЛЕМОВ, " ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:
Республика күніне орай өтіп жатқан "Менің елім - менің туым" акциясын қолдаймын. Және барша қазақ елінің жастарын патриоттыққа, отансүйгіштікке баулып, тамаша акцияны қолдауға шақырамын.