Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада Республика күніне орай ҚХА мүшелері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қазақстан халқы Ассамблеясы да бірқатар азаматты марапаттады. Мемлекеттік наградалар Халық бірлігін нығайту және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жолында жемісті еңбек еткен 64 азаматқа табысталды. Марапаттау рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің, қоғамдық құрылымдары мен жастар ұйымдарының мүшелері қатысты. 

ШАВКАТ ОМАРОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Осы мереке арқасында, мерекені тойлау кезінде "Парасат" орденін алу мен үшін үлкен ғанибет. Қуанып жатырмын. Ол әлбетте жалғыз менің емес, үлкен ұжымның Ассамлеяның жұмыстары.

НҰРХАН БАҒЫТЖАНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚХА «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл жерде "Жүректен-жүрекке" акциясына белсенді атсалысқан жандар, меценанттар, қайырымдылықпен айналысып жүрген жандар бәрінің еңбегі еленіп жатыр осылай. Ерім деген ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын деген қағидатпен осылай қолдау көрсетіп, марапаттап жатыр.