Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында "AMANAT AQYLMAN" интеллектуалды сайысы өтті

Түркістан облысында "AMANAT AQYLMAN" интеллектуалды сайысы өтті. Оған өңірдегі қала, аудандардан 200-ден астам команда, 1200-ге жуық азамат қатысты. Алайда, ақтық кезеңге 17 команда жолдама алды. Олар 8 кезең бойынша бақ сынады. Білімділер сайысында топ жарған Арыс қаласы бірінші орынды иеленді. Төлеби ауданы мен Ордабасы ауданына екінші, үшінші орынға жайғасты. Жеңімпаз командалар арнайы диплом, кубок және қаржылай марапатталды. Партиялықтардың айтуынша, білімділер сайысының басты мақсаты – жастар арасында шешендік өнерді, толеранттылық тәртіп пен азаматтық танымды дамытуды, құқықтық сауаттылықты арттыруды интеллектуалды ойын арқылы насихаттау. Айта кетейік, интеллектуалды ойын "AMANAT" партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. 

ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жастардың бір алаңшасына айналатын түрі бар деп ойлаймын. Өйткені бұл жерде ақылды жастар бас қосып идеалардың түйісетін жері болады деген мен өзім пікірдемін. Өте бір жақсы өтіп жатыр. 17 ауданның бәрі келіп жатыр. Бүгін енді мен сұрақтарды өзім төреаға ретінде журидің қарап отырмын. Жастар бір өте екпінді, ынталы, ықыласпен қатысып жатыр.