Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда балалардың инклюзиялық спорт фестивалі өткізілді

Оралда балалардың инклюзиялық спорт фестивалі өткізілді. Жарысқа облыс аудандарынан келген ұландар бақ сынады. Фестиваль «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат - ерекше білім алуға мұқтаж балаларды дені сау құрдастарымен бірге бейімдеу һәм әлеуметтік белсенділігін арттыру. Сайыскерлер алдымен бірнеше топқа бөлініп, бочча жарысынан кімнің мықты екенін анықтады. Бұдан кейін қашықтыққа жүгіргендердің арасынан озық шыққан жүйріктер іріктелді. Облыстық сайыста бағы жанған балалар республикалық спорт фестиваліне жолдама алады.

ЖҰМАЖАН ҚОЖЖАНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Балалардың арасында әлі насихаттау керек. Әлі осы балалар сияқты балалардың спортқа тартылмағандары, әлі білмейтіндері бар. Кейбірі денсаулықтарына байланысты спортпен шұғылдану маған ауыр болады ойлайды. Ата-аналар көңілін аударып, қазіргі мемлекеттің жасап отырған жағдайын, мүмкіндіктерін пайдаланып, алдағы уақытта осындай спорттың түрлері дами берсе, ол барлығымызға да тиімді.