Алматыда өтемақы құнына қатысты дау ушыға түсті. Әңгіме жолайрық салынатын аумақтағы сүрілетін үйлерге берілетін ақша жайлы. Жергілікті билік қайта есептеудің қорытындысын жариялауы тиіс болған. Алайда өтемақы мөлшерін айтуға асығар емес. Тұрғындарға үйді босатыңдар деген бұйрық түскен.
Қайыпбек Қоспаевтың шаңырағы ең алдымен сүрілуі тиіс 26 үйдің қатарында. Оған жергілікті билік бар-жоғы 10 миллион теңге ұсынған. Бұл сомаға келіспейтінін айтқан қария қайта есептеудің оң нәтижесін күткен. Алайда сенімі ақталмады. Өтемақы бермек түгілі, атқамінерлер үй маңына техника әкеліп кет те кетке басты,- дейді ашулы қария.
Қайыпбек Қоспаев, қала тұрғыны:
Үйден шық деп жатыр қазір. Көп адамдарға осы аз уақытта үйден шығыңдар. Болмаса бульдозермен бұзамыз дейді. Енді өздеріңіз ойлаңыздар, 180-750 мың теңге кейбір үйлерге береді. Ауылға барса да, ондай үй ала алмайды.
Шолпан Шалғынбаева, қала тұрғыны:
Бізге айтты 1 айларыңыз қалды дейді. Қайда барамыз біз сонда? 150 кв үйімді 5,5 соттық жеріме олар 18 млн беріп тұр. Ал, независимый оценщик айтады ғой, оған үйді өлшетіп есептеткізгенімізде, олар 42 млн теңгеге есептеп тұр.
Көп ұзамай жер қатынастары басқармасының өкілдері де төбе көрсетті. Олар дүрліккен халықты сабырға шақыруға келді ме, әлде қайта есептеудің қиынға соғып жатқанын баяндайын деді ме - ол жағы белгісіз. Тек бір анығы - барлық кінәні бағалаушы компанияға аударды.
Ерлан Жармұханбетов, Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының бөлім жетекшісі:
Тендер арқылы шыққан компания. Ол үлгермей жатыр. Енді үлкен объем болғаннан кейін үлгермей жатыр.
Василий Резван, құқық қорғаушы:
Бастапқыда
жер қатынастары басқармасы тарапынан заңсыз бағалау жүргізілген. Аталған
мекеменің басшысы, лицензиясы жоқ бола тұра, есептеу жүргізген. Бұл заңдық
тұрғыда дұрыс емес.
Айгүл
Ермахан, тілші:
Жергілікті
билік 6 соттық жерді халықтан сатып алатын болса, тура сондай жер көлемін қала
аумағынан тауып беруі тиіс. Өйткені
облыстан шаһарға қосылған ауылдарда жер учаскелері жеткілікті. Осылай деген құқыққорғаушылар атқамінерлерге талап қойып отыр. Келіспеген
жағдайда тұрғындар сөзін сотта
қорғамақшы.