Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда жоғалып кеткен ер адам он күннен бері табылмай жатыр

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2024
  • 94

Атырау облысында тұрғын 10 күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Атырау облысы Құрманғазы ауылының тұрғыны Жұматай Жапаров 13 қазан күні сағат кешкі 22:00 шамасында үйден шығып, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған. Қазіргі таңда жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қандай да бір ақпарат білсеңіз, 102 нөміріне дереу қоңырау шалуыңызды сұраймыз», - делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.