Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында жастар ғана емес қариялар да қоқыс шығарып, «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты

Жамбыл облысында жастар ғана емес қариялар да қоқыс шығарып, «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты. Аса ауылының ақсақалдары қатарластарын жинап ардагерлер үйінің ауласындағы шөпті шауып, қалдықтарды сыртқа шығарды. Жастар да қарап қалған жоқ. Жұмыла жинасып, күрек пен кетпенді қолына алып төңіректі тазартты. Экологиялық акция аясында ардагерлер үйінің ауласын жинаған жастарға ақсақалдар ақ тілегін айтты. 

БАҚЫТ СЫРЛЫБАЕВ, ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Тазалық адамның бірінші өзінің сана сезімінен басталады. +Шетелден келген адамдар бірінші тазалыққа қарайды және еліміздің мәдениеттілігіне қарайды. Сондықтан ел болып, соның қасында біздің ардагерлер болып, қазақ елін, жерін таза ұстауға біз атсалысу керекпіз. Ол біздің үлкен парызымыз.