Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау-ашық қоғамның айқын көрінісі

Президент тапсырмасымен елімізде ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі енгізілді. Тобыл өңірінде 190 жаңа әкім жауапты қызметке кіріскен. Саяси реформаның жемісі жайлы Заңғар Санай баяндайды. 

26 жыл білім саласында қажырлы еңбек еткен Наташа Жұпарқызы 4 ай бұрын ауылдық округ әкімі болып сайланды. Азғана уақыт аралығында жол, су, көше бойындағы жарық мәселесі шешілді. Ауыл тұрғындары өздері сайлаған әкімнің жұмысын жоғары бағалап отыр.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Өзіміз сайлаған әкім қанша айтқанмен аулы жағдайын біледі. Ауылдың жолдарын салынып жатыр жаңадан.Қоршаулр істеп жатырЖақсы болып қалды.Ауылымыз көркейіп жатыр.
- Су мәселесі шешілді.Үйімізге кіріп тұр.Биыл енді жол салынды.Жол да жақсы.Көшелерге жарық тартылды.
- Көшелеріміз тазарып, қоқыстарымыз артылып, жолымыздың жыртық-тесігі жөнделіп.Жақсы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ауылдық окургте 1500-ден астам адам тұрады.Мұнда екі мектеп бар. Жаңадан фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Сүт қабылдау бекеті де жұмыс істейді. Тоғыз жолдың торабындағы ауыл халқының тұрмыстық жағдайы жыл санап жақсарып келеді.

НАТАША ЖҰПАР, АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІ:

Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, солардың не қалайтынын біліп, түсіну әрбір әкімнің басты міндеті деп санаймын.Шешіліп жатқан мәселелер де осы 3-4 айдың көлемінде бар, әлі де шешілетін мәселелер алға қойылып, жоспарда тұр.

Федоров ауданына қарасты Успенов ауылына көшіп келушілер көп.Биылдың өзінде 3 отбасы қоныстанған.Елдімекеннің дамуына мәслихат депутаттары да атсалысып жатыр.

ТІЛЕК ЗИЯ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ауылдағы халықтың тіршілігі, өмір сүру жағдайы деген сияқты сондай мәселелермен халықтың айтылған тілектерін, өздерінің қойылған сұрақтарын ары қарай аудан, облыс деңгейіне жеткізіп сол мәселені шешуге жан-жақты қолымыздан келгенше көмектесіп жатырмыз.

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі өз жемісін беріп отыр.Туған жерін түлетуге, көркейтуге, халықтың қиын мәселелерін шешуге жаңа әкімдер жанашырлықпен бел буып кірісті. Олар білімі мен бар күшін салып, өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқаруға талпынып жатыр дейді, сарапшылар.

ТӨЛЕУ ПӘНИЯЗ, САРАПШЫ:

Бұл азаматтардың ауыл- аймақтарда маңызды мәселелерді шешуге қатысуын кеңейту. Екінші атқарушы, заң шығарушы өкілеттіктерді кезең кезеңімен төменгі жергілікті өзін-өзі басқаруға беру мәселесі. Одан кейінгі мәселе ауыл әкмідерін сайлауда партиялардың атынан үміткерлердің шығуы.

Соңғы үш жылдың ішінде астық аймақта 190 әкім сайланса, оның жүз елуі партия тарапынан ұсынылған. Ал 40 атқамінер өзін-өзі ұсынып, тікелей сайлауда халық қолдауына ие болған.