Русский Сайттың толық нұсқасы

TikTok-тың құпия құжаттары тарап кетті

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2024
  • 191

Құжаттарда TikTok басшыларының ішкі зерттеулері мен қиын жағдайларда қабылданған шешімдер туралы хат алмасулар болған.

TikTok алгоритмдерінің балаларға зиянды екенін, қосымшаны қолданғаннан кейін 35 минут ішінде тәуелділік пайда болатынын компания басшылары білетіні белгілі болды. Бұл туралы NPR коммерциялық емес ұйымы мәлімдеді. Компанияның зерттеуіне ByteDance компаниясының ішкі құжаттары дереккөзі болған, деп хабарлайды turkystan.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

NPR мәліметтері бойынша, TikTok-тың 30 беттен тұратын құжаттары компания басшыларының қосымшаның балалар мен жасөспірімдерге қаншалықты зиян екенін білгенін көрсетті. Құжаттарда TikTok басшыларының ішкі зерттеулері мен қиын жағдайларда қабылданған шешімдер туралы хат алмасуы қамтылған.

NPR-дың айтуынша, құжаттарда басшылар қысқа бейнероликтер сервисінің көптеген қауіпі туралы ашық түрде айтып өткен. Қолданушы TikTok-қа 260 бейнеролик көргеннен кейін тәуелді болып қалады. Платформадағы бейнероликтердің көпшілігі шамамен сегіз секундқа созылады, сондықтан тәуелділік қосымшада шамамен 35 минут өткізгеннен кейін басталады деп есептеген Кентукки штатының тергеушілері.

Сонымен қатар, құжаттарда сервисті шамадан тыс пайдаланудың салдары, атап айтқанда, аналитикалық қабілеттердің төмендеуі, контекстік ойлаудың және эмпатияның жоғалуы, сондай-ақ алаңдаушылықтың күшеюі туралы айтылған.

Қолданушыларға қосымшада өткізетін уақыттарын шектеуге көмектесетін функциялар «қоғамдық сенімді арттыру» стратегиясы ретінде қарастырылады деп көрсетілген құжаттарда.

TikTok-та 13 жастан кіші пайдаланушыларды жою мәселесі де бар, бұл жас қосымшаға кіруге рұқсат берілетін ең төменгі жас болып табылады.

TikTok өкілі Алекс Хаурек NPR-ды сотқа шектеу қойылған ақпаратты жариялағаны үшін жауапсыздық танытты деп айыптады.

«Өкінішке орай, бұл шағымда жаңылыстыратын дәйексөздер мұқият таңдалып, біздің қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген ұстанымымызды бұрмалау үшін контекстен тыс алынған ескі құжаттар қолданылған», – деді ол.