Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың ең қарт тұрғыны 115 жасында көз жұмды

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2024
  • 253

АҚШ-тың 115 жасқа келген ең қарт тұрғыны Элизабет Фрэнсис қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy New York Post басылымына сілтеме жасап.

Элизабет Фрэнсис 1909 жылы Луизиана штатында дүниеге келген. 11 жасында анасынан айырылып, туыстарының тәрбиесінде болған. Жасөспірім кезінде ол әпкесіне көмектескен, ал кейінірек 20 жылдан астам уақыт бойы Техас штатындағы Хьюстон қаласында KTRK-TV телеарнасы жанындағы кофехананы басқарған. Оның қолымен дайындалған тәттілер, сондай-ақ, тауық еті мен тұшпара телеарна қызметкерлерінің сүйікті тағамдарына айналған.

Соңғы жылдары Фрэнсис Хьюстонда, 95 жасқа толған қызының үйінде тұрған. 25 шілдеде Элизабет өзінің 115 жылдық мерейтойын атап өтті. Ұзақ өмір сүрудің құпиясы ретінде ол өмір бойы «Не ойласаң, соны айт, ештеңені іште сақтама» деген қағиданы ұстанатынын айтқан.