Русский Сайттың толық нұсқасы

Жүлде қоры 23 млн теңгені құрайды: Алматыда шахматтан жарыс өтеді

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2024
  • 39

Өтініштер 10 қарашаға дейін қабылданады

Қазақстанда классикалық шахматтан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қазақстан шахмат федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыс 11-20 қараша аралығында Алматыда өтеді.

«Финал нокаут жүйесі бойынша 16 шахматшы арасында өткізіледі, ерлер және әйелдер бөлек ойнайды», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, финалдық кезеңге 2024 жылғы Кубок кезеңдерінің қорытындысы бойынша 12 үздік шахматшы және ҚШФ атынан 4 номинант қатысады.

Уақытты бақылау:

90 минут + әр жүріске 30 сек.;

Қосымша матчтар (тең аяқталған жағдайда): рапид (15 минут + 10 сек) және блиц (3 минут + 2 сек).

«Жарыстың жүлде қоры 23 000 000 теңгені құрайды», - делінген хабарламада.

ҚШФ номинанттары үшін өтініштер 10 қарашаға дейін office@kazchess.kz поштасына қабылданады.