28-29 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Astana TV.
Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі.
Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.