Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында жер сілкінді

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2024
  • 85

Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Astana TV.

Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, 26 қазанда Астана уақытымен сағат 11:24-те Лепсі ауылынан батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Магнитудасы 3,6 болған. Энергетикалық класс - 8,3.