Айтулы додада 42 балуан бақ сынауда. Олардың қатарында «Қазақстан Барысының» былтырғы чемпионы бар. Балуандардың арасындағы ең жасы – Солтүстік Қазақстан облысынан келген Әділет Мырзаш. Ол 2006 жылы дүниеге келген. Ал балуандардың арасындағы жасы ең үлкені – елордалық Олжас Шынкеев. Ол 1992 жылы дүниеге келген.
Сайыстың жалпы жүлде қоры – 27 100 000 теңге, оның 3 720 000 теңгесі спортшылардың бапкерлеріне бөлінген.
Жеңіске жеткен балуандар келесідей жүлде алады:
1-орын – 15 000 000 теңге,
2-орын – 3 300 000 теңге,
3-орын – 1 080 000 теңге.
Бұдан бөлек, әр жеңіске жеткен белдесу үшін балуандарға 100 000 теңге беріледі.
Балуандар жеребе тарту арқылы жұпталды. Олардың белдесуіне 10 төреші қазылық етеді.