Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазақстан Барысы – 2024» жеңімпазы анықталды

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2024
  • 138

«Қазақстан Барысы – 2024» жеңімпазы анықталды. Турнирдің бас жүлдесін Абай облысынан келген Ерасыл Қажыбаев жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Екінші орынды шымкенттік Ерсұлтан Мұзаппаров, үшінші орынды Абай облысынан келген Саят Шамшиев алды.

Турнирде өңірлік іріктеу сайыстарының қорытындысы бойынша елдің 42 үздік балуаны бақ сынады. Олар Қазақстанның 17 облысынан және республикалық маңызы бар 3 қала – Астана, Алматы, Шымкенттен келген. Сондай-ақ, турнирде өткен жылғы «Қазақстан Барысы» чемпионы мен «Әскер Барысы» атағының екі өкілі қатысты.

Республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің ұйымдастырушылары – «Qazaq kuresi» қауымдастығы, «Sport Qory» қоры, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және «Самұрық-Қазына» АҚ.