Русский Сайттың толық нұсқасы

Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының алтынына таласады

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2024
  • 134

Ризабек Айтмұхан үшінші рет әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін белдеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ризабек Айтмұхан Албанияның Тиранда қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Жақында ғана екі дүркін әлем чемпионы атанған Ризабек Албаниядағы 23 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдесіне таласады. Алғашқы айналымда канадалық Каллум Уильям Нокты, екінші белдесуінде польшалық балуанды және жартылай финалда ресейлік Имам Гаджалиевті 7:4 есебімен ұтып, үшінші рет әлем чемпионатының финалына шығып отыр. Енді финалда ирандық балуанға қарсы белдеседі.

 Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан бұған дейін Испанияның Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы атанған еді.