Русский Сайттың толық нұсқасы

Ер адам маса шаққаннан кейін үш ауру жұқтырып, комаға түсті

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2024
  • 307

АҚШ-тың Нью-Гэмпшир штатында масаның шаққан соң үш түрлі ауруға шалдыққан ер адам ауруханадан шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі WCAX порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, 55 жастағы Джо Кейси тамыз айында маса шаққаннан кейін шығыстық жылқы энцефалитін жұқтырған. Бұл орталық жүйке жүйесін зақымдайтын қауіпті вирустық ауру. Ауру негізінен жылқылар арасында таралады, бірақ адамдарға да жұғуы мүмкін. Ауруды масалар тасымалдайды.

Бас ауырып, дене қызуы көтеріледі. Сонымен қатар дене қалтырап, әлсіздік, құсу және тырысулар болады.

Ал батыс Ніл вирусында және Сент-Луис энцефалитінде кома түсу жағдайы басым. Соның салдарынан ол комаға түсіп, онда үш апта жатқан. Бұл уақытта дәрігерлер оның өмірі үшін күресті. Оянғаннан кейін ер адам жүре де, сөйлей де алмады.

Үш аурумен күресу Кейсидің иммундық жүйесін қатты әлсіреткен. Оның ми жасушаларына қысым түсірген, бас сүйегінде сұйықтық жиналғаны анықталды. Дәрігерлер ер адамның жағдайын аномалиялық деп атады. Олар жылына тек 1000 америкалыққа осы аурулардың біреуі ғана диагноз қойылатынын атап өтті.

Америкалықтарға күн батқаннан кейін көшеге шықпауға кеңес берілді.

Джо Кейсиге 2,5 айға созылатын оңалту курсынан өту қажет.

Ол ата-аналарға өздері мен балаларына үнемі масаларға қарсы спрей қолданып жүруді ескертіп, "Жаудың көлеміне қарап кемсітпеңіздер" деп АҚШ тұрғындарына үндеу жасады.