Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында өрт шыққан үйден алты адам эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2024
  • 87

Қарағанды облысының өрт сөндірушілері 6 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Приозерск қаласы Гвардейская көшесі бойында 5 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс жанды.

ТЖМ күштері баспалдақ арқылы 6 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт шағын алаңда сөндірілді.