Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық дәрігерлер Дубай шоколадының адам ағзасы үшін зиян екенін ескертті

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2024
  • 244

Танымал шоколадқа қатысты дәрігерлер осылай деді, деп хабарлайды @qazaqstan.tv.

Бұл тәттіден асқазан-ішек жолдары бұзылады, калориясының салдары артық салмаққа әкеледі. Тәттінің құрамына майға қуырылған катаифи қамыры қосылғандықтан, адамның ұйқы безі бұзылады, өті қабынады. Токсиколог маман Михаил Кутушев Дубай шоколадын тұтынған қыз баланың денесі қышып, есінен танғаны туралы мәлімдеді. Елордалық нутрициолог мұны шоколад құрамындағы жаңғақ пастасының кері әсері деп отыр.

Салтанат Болатбекқызы, диетолог-нутрициолог:

- Бұл жерде аллергиялық өнім бұл фисташка пастасы. Адамдар мезгілдік аллергиямен ауыруы мүмкін, асқорыту жүйесі дұрыс жұмыс жасамайтындар болуы мүмкін. Олар фисташканы жемеу керек екенін білместен, сол Дубай шоколадын жесе, организм аллергиялық реакция білдіреді. Мысалы қышыну, бөртпелер пайда болуы мүмкін, егерде аллергия қатты қозса есінен танып, анафилактикалық шок болады.