Русский Сайттың толық нұсқасы

Филиппинде дауылдан 81 адам опат болды

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2024
  • 107

Филиппинде «Трами» дауылынан көз жұмғандар саны 81 адамға жетті. Тағы 34 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен.

Ел президенті: «Көптеген аймақ оқшауланып қалды, оларға жету қиын, сондықтан мерт болғандар көп болуы мүмкін», – деп ескертті.

«Бұл – ел тарихындағы ең жойқын табиғи апаттың бірі», – дейді сарапшылыр. Құтқару ісіне полиция мен өрт сөндірушілер де тартылған. 1 күннің ішінде жауын-шашынның 2 айлық мөлшері түсті.

Дауыл соққан аймақтарда 4 миллион 200 мыңнан астам адам тұрады. Жарты миллион тұрғын басқа аудандарға көшті, 6400 адам уақытша паналау орталықтарына орналасты.

Жалпы елде жыл басынан бері 11 рет қатты дауыл соқты. Жұмадан бері мекемелер мен мектептер жабық тұр. Аралдардың арасында жүретін кеме қатынасы да тоқтатылды.

Елмер Дежукос, зардап шегуші: - Әйелім 2 баланы үйден шығарып кетіп бара жатқанда үшінші бөпеміздің жылаған дауысын естіп, қайтып келген. Бірақ сол сәтте лай көшкіні жүріп, ағаштар опырылып, үйді шатыры ортасына түсіп, бәрін басып қалды.

Кеннет Лукас, құтқарушы: - Бұл ел тарихындағы ең жойқын тропикалық дауыл болды. Бірнеше қала зардап шекті. Су тасқыны мен лай көшкіні құтқару жұмысына үлкен кедергі келтіріп жатыр.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.