Русский Сайттың толық нұсқасы

Ризабек Айтмұқан екі айда екінші рет әлем чемпионы атанды

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2024
  • 117

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тиранада өтіп жатқан әлем біріншілігінде жерлесіміз 97 келі салмақта үздік атанды. Финалдық айқасын ол ирандық Махди Морафаға қарсы өткізді.

Осылайша Ризабек аталған әлем чемпионатында жүлде алған қазақстандық жалғыз балуан болып отыр. Ол іріктеу кезеңдерінде Канада, Беларусь, Ресей балуандарын ірі есеппен ұтты.

Айта кететін жайт, Ризабек Айтмұқан қыркүйек айында 20 жасқа дейінгі жастар арасында да әлем чемпионы атанған болатын. Ол бір айдан астам уақыт ішінде екінші рет әлем біріншілігінде топ жарып отыр.