Елімізде құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды, Алматы, Абай облыстарында жасалуда. Мамандар осылай дейді.
Мәселен "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы аясында 1260 қылмыс тіркелген. Оның 68 пайызы ізін суытпай ашылыпты. Іздеуде жүрген 184 қылмыскер ұсталған. Сондай-ақ 29 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның 900-і Солтүстік Қазақстанда анықталған.
Жалпы "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы тоқсан сайын ұйымдастырылады.
Әлібек Ғабдуллин, СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы: - Азаматтардың жаппай жинау орындарын, сонымен қатар жедел басқару орталығының бейнекамералардың көмегімен бақылау күшейтіледі. ІІО есепте тұрған тұлғалар тексеріледі. Жол қозғалысында қадағалау күшейтіледі. Қараусыз қалған ғимараттар, саяжай аймақтары тексеріледі. Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданады.
Бұл туралы 24.kz хабарлайды.