Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.