Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде жаңа шектеулер енгізілуде

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2024
  • 208

Елімізде енді бұқа мен қойды шығаруға квота енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасының аумағынан ауыл шаруашылығы жануарларын әкетуге сандық шектеулер мен шектеулерді бөлудің тиісті қағидалары бекітілген.

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, ҚР аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне әкетуге алты айға сандық шектеулер енгізіледі:

12 айдан асқан 85 000 бас бұқа;

6 айдан асқан 120 000 бас қой мен ешкі.