Русский Сайттың толық нұсқасы

Республика күніне орай Астанада 100-ден астам іс-шара өтті

Республика күніне орай Астанада 100-ден астам іс-шара өтті. Мерекелік концерттерден бастап, түрлі автошеру, көрме, дөңгелек үстел мен ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер ұйымдастырылған. Мұндай іс-шаралар қаланың 5 ауданын түгел қамтыды. 

Ұлттық мереке ұлықталды. Астаналықтар ел үшін ерекше күнді сән-салтанатын келтіріп атап өтті. Демалыс деп үйде жатпай, жұрт болып бірге тойлауды жөн көрген. Концерт тамашалап, сергіп қайтты. 5 ауданда түрлі шара өтті. Мұны қалалық әкімдік ұйымдастырған.

ВЕНЕРА ХАМИТОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ МӘДЕНИ-ДЕМАЛЫС ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Елордамыз бойынша қаламызда 5 ауданында тұрғындарға концерттік бағдарламалар ұсынылып жатыр. Бұл когнцерттік бағдарламада Астана қаласының әкімшіліге қарасты музыкалық жас көрермен театры, «Жастар» театры, Е. Рахмадиев атындағы филармонияның әртістері өнер көрсетеді.

Бұл - Алматы ауданындағы "Интернациональный" тұрғын алабы. Бұл жақта да мерекелік көңіл-күйдің лебі сезіледі. Кішіні былай қойғанда, 100-ге таяған тұрғындардың өзі ұлы күнді елмен бірге атап өтуге келіпті. Бір-біріне хабарласып, концерт көруге шақырып жатты.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Халық бүгін ауа райын көріп тұрсыздар, соған қарамастан біртіндеп келіп жатыр. Барлығы үйде отырғылары келмейді.
- Денсаулық болсын, бірлік болсын, тірлік болсын. Басымыщз аман, деніміз сау болып, осындай қызық, қуанышқа бөлене берейік.
- Біз зейнеткерлер акиматқа рахмтімізді айтамыз. Осындай бір үйден шығып, көңілімізді көтеріп тастап жатыр.

Күннің суығына қарамай орталыққа жиналған халыққа "Жастар" театрының әртістері өнер көрсетті. Патриоттық әндер шырқап, елдің рухын көтерді. Шараны тамашалаған әр тұрғын осы мемлекеттің азаматы болғанын іштей мақтан тұтып қайтты.

НҰРФАТ ВАХИТОВ, «ЖАСТАР» ТЕАТРЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ:

«Жастар» театрының концерттік бағдарламасын жергілікті тұрғындарға ұсынатын боламыз. Біз театр ғимараттағы спектаклімізді ылғи беріп отырамыз. Тұрғындардың көпшілігі келе алмайды ғой театрға. Енді Республика күні қарсаңында концерттік бағдарламымызбен, өнерімізбен тұрғындарға мәдени шара ұсынбақшымыз.

Республика күніне орай ұйымдастырылған шаралар осымен біткен жоқ. Қала бойынша концерттен бөлек, мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтарына мыңнан аса азық-түлік себеті таратылды.