Каспий жағалауынан 151 итбалықтың өлексесі табылды. Жаппай қырылған теңіз жануарлары Түпқараған ауданы Баутин ауылы аймағында болған дауылдан кейін жағаға шыққан. Ғалымдар қызыл кітапқа енген аңның кейбірінен жарақат анықталғанын айтты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, итбалықтардың неден қырылғаны белгісіз. Қазір тиісті зертханалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ теңіз жағалауына мониторинг жүргізу жұмысы жалғасуда.