Русский Сайттың толық нұсқасы

"Бұл награда үлкен жауапкершілік артады", - Қ. Тұрсынова

Республика күнінде ел үшін қалтқысыз еңбек етіп келе жатқан біраз тұлға марапатталды. Солардың қатарында өскелең ұрпаққа біліммен қатар тура жол көрсетуден жалықпаған білікті педагог Қорлан Тұрсынова да бар. Ол тынымсыз еңбегінің арқасында «Ерен еңбегі үшін» наградасына ие болды. Білікті ұстаз 26 жылдан бері білім саласының өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Адамгершілік пен сыйластық ұғымын бірінші орынға қойған басшы мұғалімдердің ізденісі мен дамуына көп көңіл бөледі. Сондай-ақ Қорлан Дәуітханқызы басқарып отырған мектептің оқушылары түрлі олипиадалардан үнемі олжалы оралады. 

ҚОРЛАН ТҰРСЫНОВА, ҚАРАСАЙ АУДАНЫ Б.СОҚПАҚБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ:

Білім беру саласында 26 жылдан бері еңбек етіп келемін. Бүгінгі әсерім ерекше. Республика күні мерекесінде Президентіміздің жарлығымен мемлекеттік награда алу мен үшін үлкен құрмет. Бұл награда маған үлкен жауапкершілік артады.