Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысы Ащысай ауылында 50 орындық заманауи спорт кешені пайдалануға берілді

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында республика күніне орай көптен күткен заманауи спорт кешені ашылды. 50 орындық заманауи талаптарға сай спорт мекемесінің ашылуы салтанатты түрде өтті. Бұл жергілікті инфрақұрылымды дамытудағы елеулі қадам болды. Облыс тұрғындарының спортпен белсенді шұғылдануына жақсы мүмкіндіктер ашпақ. 

Ащысай ауылында айтулы мереке. Құрылысы 10 айда аяқталған спорт кешенінің салтанатты ашылуын бүкіл ел болып тамашалады. Құны 907 миллион теңге болатын спорт кешенінің аумағы- 1538 шаршы метр. 50 орынға лайықталған мекемеде танымал спорт түрлерінің барлығымен айналысуға мүмкіндік бар.

ЕРБОЛАТ САРАБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл жерде спорттың олимпиадалық спорт түрлеріне бағытталады. Ол ойын залында Волейбол, Баскетбол, Шағын футбол, Гандбол спорт түрлері қарастырылған және үстінде екі залы бар. Бокс залы және күрес залы. Күрес залында ұлтымыздың қазақша күрес, еркін күрес, грек рим күресі және дзюдо күресі осы ауылда дамитын болады.

Бұл нысан жастар мен ересектер арасында спорт түрлерінен жарыстар, спортты насихаттауға арналған оқу-жаттығу жиындарын өткізуге қолайлы алаң болып табылмақ. Сонымен қатар жастарды шынықтыратын тренерлер үшін әкімдік тарапынан 18 штаттық жұмыс орын бөлінген. Ал спортшылардың барлығы тегін жаттығады.

ЕЛМҰРАТ ҚАЙЫПЖАНОВ, ШЕЛЕК ӨҢІРІ БОЙЫНША СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Әрбір мықты чемпиондарды алатын болсақ әр сұхбатта да айтып жатамыз ғой ауылдан шығады деп , сол ең әуелі Аллаға екінші мына облыс әкімшілігіне, аудан әкімшілігіне спорт басшыларына үлкен алғыс білдірем. Бүгін міне өзі төл мерекеміз республика күніне орай үлкен осындай спорт сарайы ашылайын деп жатыр. Соған енді біздің жұмысымыз мақсатымыз болашақта өзіміздің ізімізді басатын чемпиондар шығу керек. Көк байрақ көтеретін.

Ащысайдағы спорт нысанының ашылуы Алматы облысының спорт инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып отыр. Ауыл тұрғындары да алдағы уақытта осы спорт кешенінен туымызды желбіретер спортшылар шығады деген сенімде.