Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT»-қа аманат айтушылар көбейген

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауынан қолдау сұрағандардың қатары жыл санап көбейіп келеді. Былтыр партияның Оралдағы бөлімшесіне 4600 өтініш түссе, биыл олардың қатары мың адамға артқан. Әрі жәрдем сұрап келгендердің 70 процентінің мәселесі шешілген. Бұл - халық сенімінің артқанын білдіреді, дейді партиялықтар. Халықтан түсетін өтініш негізінен баспана мен жер телімін алу және еңбек дауларына қатысты. Бірақ биыл көктемдегі су тасқынынан кейін баспанасынан айрылған бұқараның даты көбейген. Осылайша тұрғындарға материалдық көмек алу жолдары түсіндіріліп, құқықтық көмек көрсетіліпті. Олардың ішінде партияның араласуымен баспаналы болғандар да бар. 

ГАУҺАР ШАЙХИНИЯЗОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Биылғы жылы суға кеткен азаматтардың өтініштері басымырақ болып отыр. Өтініштердің әрқайсысы далада қалмайды. AMANAT партиясы бұл тұрғыда мемлекеттік органдарға жеткізуге тиісті ықпал жасайтын болады. Сонымен қатар партияның депутаттық корпусы, мемлекеттік орган басшыларының қабылдаулары да үлкен сұрақтардың шешілуіне оң әсерін тигізуде.