Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда бүтін бір отбасыны қырып кеткен күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты

Қызылжарда бүтін бір отбасыны қырып кеткен күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты. Адам өлімі үшін айыпталғандар қатаң жаза арқалады. Ал бастапқыда олардың сыбайласы болып саналған үшінші айыпталушы жеңіл құтылған көрінеді. Сот оны үш жылға бас бостандығынан айырды. Еске салайық, оқиға былтыр желтоқсан айында болған. Жерлеу рәсімімен айналысқан Приходченко отбасын қандықол қылмыскерлер балғамен ұрып, пышақпен бауыздап кеткен. Үйдегі қаражат пен бағалы заттарды қолды қылған. Ерлі-зайыпты мен олардың 17 жасар баласы оқиға орнында көз жұмды. 

АЙДАРБЕК БЕКҚОЖИНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сот Емельянов пен Орловты ҚР қылмыстық кодексінің 191 және 99 бабы бойынша кінәлі деп танып, Емельяновты өмір бойы бас бостандығынан айыру, ал Орловты 21 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ал Скоробогатова қылмыс жөнінде біле тұра, құзырлы органдарға хабарламағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.