Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде жауын-шашын әлі де сақталады

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2024
  • 224

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде әлі де жауын-шашын сақталатынын хабарлады, деп хабарлайды Astana TV.

«Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атлантикалық циклонының ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және тұман болжанады», — деп мәлімдеді Қазгидрометтен. 

30 қазанда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сонымен қатар жел күшейеді деп күтілуде.

Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.