Танымал сазгер, ақын Құрманай Бақтиярқызы өмірінің соңғы сәтіндегі видеосы желіге тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Марқұм ауруханада жатып, халыққа дұға тілеуін өтінген.
“Бүгін тойға барамын деп едім, ауруханадан бір шықтым. Басым айналып, құлап қала беремін. Қан қысымым да төмен болып тұр. Алланың дегені осы болды. Тұсаукесерге барамын деп отыр едім. Жолдан макияж жасатамын деп едім. Ауырмайықшы! Тілекшілерім, мен үшін дұға жасаңыздаршы”, – деген соңғы сөзінде марқұм өнер иесі.
Одан кейін халық әртісі Мақпал Жүнісова соңғы рет тойда жолығып қалғанын айтты.
“Осыдан бір ай бұрын Алматыда тойда жолығып қалған едік. Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз. Бүгін бар да, ертең жоқпыз. Аңқылдаған ақжарқын Құрманайжан, қош бол деуге қимасам да, амал қанша?! Артыңда қалған ата-анаңа, ұл-қыздарыңа қайғырып көңіл айтамыз. Иманың саламат болсын! Алла панасына алсын!”, – деп жазды әнші.