Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2024
  • 137

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркияның Ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Astana TV.

Президент құттықтау жеделхатында Түркияның бірлігі мен дамуының бірегей нышаны саналатын бұл күннің мән-маңызы ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық екі ел игілігі үшін нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның аса жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, бауырлас түрік халқына құт-береке тіледі.