Қызылордалық келіншек сиыр жілігіне 130 грамм марихуана салып, абақтыдағы туысқанына жеткізбек болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бірақ арнайы құрылғының көмегімен тексерген кезде жілік ішінде есірткі бар екені анықталған.
Енді ол 7 жылға сотталуы мүмкін.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - лелі Қызылорда облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Жәнібек Зиябеков.