Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада «Ауыл аманаты» қалашығы бар

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бесарық ауылында «Ауыл аманаты» қалашығы бар. Онда аталмыш бағдарлама негізінде мемлекеттен төмендетілген несие алып, кәсібін ашқан азаматтар шоғырландырылған. Ауылдың көркіне сән қосып, тіршілігіне қан жүгірткен орталыққа аймақтағы тілшіміз барды. 

Гүлмира Смағұлова бұған дейін өз тәттілерін үй жағдайында пісірген. Бірақ тапсырыстарды толық дайындауға мүмкіндігі болмапты. Сондықтан «Ауыл аманаты» бағдарламасымен төмендетілген процентпен несие алып, наубайхана ашқан. 5 баланың анасы өзінің мақсатына қол жеткізіп, кәсібін дөңгелетіп отыр.

ГҮЛМИРА СМАҒҰЛОВА, КӘСІПКЕР:

Тез арада оңай құжаттарын дайдадық. Осындай мүмкіндік берді, бизнес ашуға, бизнесті дамытуға мүмкіндік берді. Қазір наубайханада 10-нан аса түрлі нан өнімдері шығады. Өте қуаныштымын. Қазіргі кезде 1 айға жақындап қалды бастағанымызға. Халықтың сұранысын жаймендеп өтеп келе жатырмыз.

Бесарық ауылында дәмі тіл үйіретін кондитерлік өнімдер де пісіріледі. Жеке кәсіпкер «Ауыл аманатымен» 6 млн. теңге жеңілдетілген несие алған. Тәттінің 15 түрін пісіріп, бірнеше дүкенге жеткізіп береді. Соның негізінде ауылда жұмыс көзі де ашылды.

ГҮЛМИРА ДҮКЕНБАЕВА, НАУБАЙХАНАШЫ:

Ауылымызда 3 магазинді қамтамасыз етеміз. Және де қалада да бар магазиндеріміз. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша осындай кәсіп ашылды. Және тұрғындар, ауылдың адамдарына жұмыс табылды. Алғысымызды айтамыз. Жақын жерден ауылдан.

Ауылда былтыр 2 адам бағдарламаның шарапатын көріп, кәсіп ашқан. Биыл оның қатары тағы 4 кәсіпкермен толыққан.

ДӘУЛЕТ СӘРСЕНБАЕВ, БЕСАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Наубайхана, кондитер, сосын фото салон, сосын біреуі бөдене шаруашылығы. Солар ашылып, мекемелерінде оытрып, өз жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өте төмен пайыз болғаннан кейін көп мүмкіндік қой бұл. Әрі қарай аяққа тұрып кетуіне. Оның үстіне шаруашылық мынадай ғимарат салып бергені. Ғимаратта тегін отыр.

Бұл бағдарлама жұмыссыздық деңгейін азайтуға да мүмкіндік беріп отыр. Аймаққа биыл жобаны іске асыруға 4,6 млрд теңге бөлінген. Соның негізінде 575 бастама қаржыландырылған.