Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада әлеуметтік жобалар форумы өтті

Елордада "AMANAT" партиясының қолдауымен әлеуметтік жобалар форумы өтті. Бастама өмір сүруді жақсартып, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетуге бағытталған. Форумда 20 әлеуметтік жоба таныстырылып, өнер туындыларының көрмесі өтті. Ұйымдастырушылар осылайша әлеуметтік серіктестікті нығайтып, инклюзивті жобалардың жетістіктері мен жаңа мүмкіндіктерін көпке паш етпек. 

ЗАХИРА БЕГАЛИЕВА, "ITEACHME" ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

20 үкіметтік емес ұйымдар жиналып, өздерінің жобаларын көрсетіп жатыр. Ол жобаларды біз 1 ай, 2 ай бұрын бастап, әлеумет желісіне конкурс жарияладық. 54 жоба қатысам деп неғылды. Оның арасынан сол 20-сын таңдап алдық.

ЕЛАМАН ДӘУЛЕТХАН, ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ:

Қазақстанда мәйіттік донорға лист ожиданиеде 4000-нан астам адам тұр. Оның көпшілігі бүйрек трансплатациясын қажет ететін адамдар. Біз солардың басын қосып іс-шаралар өткіземіз, және де спорттық жарыстар ұйымдастырамыз.