Алматыда «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында қарт кейуаналармен кездесу өтті. Шараның мақсаты – егде жастағы кісілерге әрдайым қолдау көрсетіп, қолғабыс болу. 204-ші мектеп ұстаздары қарттарды қарсы алып, басқосуда түрлі тақырыпта әңгіме өрбітті. Ұйымдастырушылар батыр аналардың еңбегін оқушыларға насихаттады. «Бұндай іс-шара өскелең ұрпақтың қарттармен байланысын нығайтады және оларға деген құрметі артады. Бүгінгі кездесуде жасөспірімдер тағылымды өнеге алды»,-дейді қалалық мәслихат депутаты Гүлжан Бекенова.
ГҮЛЖАН БЕКЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Осы қазан айында ардагерлерге арналған үлкен айлық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол айлық өзінің жоспары бойынша түрлі іс-шаралар болып жатыр. Ол іс-шаралардың астында үлкен тағылым, үлкен тәрбие бар. Бүгінгі біздің мектепте кездесудегі осы жоба аясында әжелер мектебі тәрбиенің көзі тақырыбында үлкен іс-шара өткізгелі отырмыз. Яғни, біздің ардагерлеріміз өзінің өмірінен түйген, көрген жақсы-жақсы дүниелерін жас ұрпаққа айтып беріп, ұстаздарға, балаларға бағыт-бағдар көрсетеді.