Бір жылда жол сапасына қатысты 20 мың шағым түскен. Соңғы 5 жылда жол саласына 6 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Алайда жұрттың жол сапасына көңілі толмайды. Көбі мұны жемқорлықпен байланыстырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жыл басынан бері 24 қылмыстық іс тіркеді. Талдау қорытындысына сәйкес Агенттік жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 90-нан астам ұсыныс әзірлеген.