Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында жеткіншектер бірінен соң бірі жұмбақ жағдайда көз жұмды

Жамбыл облысында жеткіншектер бірінен соң бірі жұмбақ жағдайда көз жұмды. Екі күннің ішінде екі жасөспірім өзіне-өзі қол салған. Бір ауылда тұрып, бір мектепте оқитын жасөспірімдердің бұндай әрекетке не үшін барғаны беймәлім. Біріншісі, ауыл шетіндегі байланыс мұнарасына асылып қалған. Ал, арада екі күн өтпей екінші баланың мәйіті өз ауласынан табылған. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. 

ГҮЛСАРА МҰҚТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған деректер бойынша Байзақ ауданы полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғалардың толық мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлерімен жан-жақты тергеп-тексеру іс-шаралары басталды. Екі жағдайдың бір-біріне қатысы жоқ. Қайтыс болғандар туыс болып табылмайды.